«Бажа» толықметражды фильмінде үш бажа – Баха, Муха және Толик күнделікті өмірлерін сүріп келеді: жұмыс, қаңғыру және бітпейтін«шаруалар». Жылдар бойғы отбасылық өмір мен күнделікті күйбең тіршіліктен олардың жұбайларымен арадағы қарым-қатынасы суи бастайды. Күйеулерінің бұндай әрекеттерінен шаршаған үш апалы-сіңлі тәуіпке жүгініп, жұбайларының өзгеруін тілейді. Алайда көп ұзамай «мінсіз күйеу» бақытты отбасының кепілі емес екендігі белгілі болады. Ал кейде ең қауіпті тілек – орындалған тілек.